Күннен күнге азайып бара жатқан оқырмандарыма тағы бір жаңалық ұсынып қояйын. ) Өткенде Мувистарға сонша лидер не керек деп миым қатып еді. Енді түсінікті бола бастады. Найро Кинтана француздың проконтинентал командасына ауысатын болды. Ал Ричард Карапас келесі маусымды INEOS- та бастайды. Бұрынғы Sky ғой. Оларда қазір Фрум, Геоган Харт, Берналь, Томас бар. Оларға енді Карапас қосылды. Демек Фрумға баяғыдай үміт жоқ. Геоган Харт соншалық мықты емес. Герейнт Томас та былтыр бір жанды. Биыл тыныш. Соған қарағанда енді негізінен Карапас пен Бернальға үміт артылатын сияқты.