GO Cycling

@GOCycling Yoqdi 0
Bu sizning kanalingizmi? egalikni tasdiqlang Qo‘shimcha imkoniyatlardan foydalanish uchun

Kanal hududi va tili
ko‘rsatilmagan, Ingliz tili


Kanalning hududi
ko‘rsatilmagan
Kanal tili
Ingliz tili
Kategoriya
Salomatlik va Sport
Indeksga qo‘shilgan
17.12.2017 12:06
reklama
TGAlertsBot
Каналингиз репостлари ва эсловлари ҳақида хабар беради.
Telegram Analytics
TGStat хизмати янгиликларидан бохабар бўлиш учун обуна бўл!
TGStat Bot
Telegram'дан чиқмай туриб каналлар статистикасини олиш
16
ta obunachilar
~8
1 ta e’lon qamrovi
~1
kunlik qamrov
~11
ta e’lon oyiga
50%
ERR %
0
iqtibos olish indeksi
So‘nggi e’lonlar
O‘chirilgan e’lonlar
Eslovlar bilan
Repostlar
GO Cycling 3 Oct, 14:47
Словениялық велоөлермен Янеш Брайковичтің аяғы. Былтыр біреу велоспорт туралы "Короли боли" деген кітап жазған. Соған әдемі иллюстрация болар еді, иә. Тек тізе жүні дұрыс қырылмағаны сәл...
GO Cycling 14 Sep, 20:07
Бүгін Вуэльтаның жиырмасыншы этабы бітті. Соңғы таулы этап. Жалпы рейтингте бірдеңе өзгертуге соңғы мүмкіндік болған. Ертең соңғы этап. Ол жерде финиште спринтерлер болмаса, жалпы есепте ешкім ешкіммен жарыспайды. Сол үшін Достық этабы деп аталады.

Вуэльта басталған Лопеске жақсы мүмкіндік бар деп үміттеніп едім. Оның үстіне биылғы құраммен жеңбеу күнә еді. Бар мықтыны қасына салып берді. Тіпті Фульсангтың өзі бүгінге дейін барын салып көмектесті. Болмады. Былтыр екі гранд турда үшінші орын алып, Жастар номинациясында жеңгеніне қуанғанбыз. Биыл ол да жоқ. Ол номинацияны жиырма жасар Тайдей Погачарға ұтылып қалды. Әлі жас дедік, басқа дедік. Биылғы Вуэльтадан кейін Лопестен тым көп үміттеніп қойдық па деген ой келді. Одан кейін шыққан Берналь Тур де Франс алды. Жастар номинациясын Погачар ап қойды. Келесі жылы бұл номинацияға да таласа алмайды уже. Демек, жұбанатын да ештеңе қалмайды. Арғы жақта Ремко Эвенепул қатты өсіп келе жатыр. Спортта мәңгі үміт сыйлаушы деген ұғым бар. Жас кезінде жарқ ете қалады да, жұрт болашақта жарады деп үміттенеді. Ал ол согүйі ашыла алмай кетеді. Лопес те сондай ма дейм. Гранд тур алатын адам бар жағынан мықты болуы керек: жеке сын (разделка), даун хил (еңіске жылдам түсу), ап хил (тауға өрмелеу) және т.б. Мықты үлгінің бірі Кристофер Фрум. Кемел емес, бірақ мықтылардың қатарында жүреді ылғи. Лопесте разделка мен даун хил тым нашар. Оларды тауға шабумен қайтарғандай болатын. Биыл жарқ етіп қашып кеткен, тастап кеткен бір сәті болмады. Оны да Погачарға ұтылып қалды. Менеджерлер дұрыс шешім іздеуі керек енді. Биылға негізгі мықтылар уже контрактілер жасап қойды. Жаңа лидер табу қиын. Бірақ сонда да жақсы ашылады-ау, болашағы бар-ау деген бір-екеуін іздей беру керек. Ал Лопесті тек запасной вариант қылу дұрыс. Сондай бір пессимистік нотада бітті Вуэльта.
П.с. Уже Астананың соңғы рет қашан гранд тур алғанын ұмытып қалдым. Нибали кеткелі алмадық. Астанаға еш жараспайтын нәрсе.
To‘liq o‘qish
GO Cycling 2 Sep, 20:55
Күннен күнге азайып бара жатқан оқырмандарыма тағы бір жаңалық ұсынып қояйын. ) Өткенде Мувистарға сонша лидер не керек деп миым қатып еді. Енді түсінікті бола бастады. Найро Кинтана француздың проконтинентал командасына ауысатын болды. Ал Ричард Карапас келесі маусымды INEOS- та бастайды. Бұрынғы Sky ғой. Оларда қазір Фрум, Геоган Харт, Берналь, Томас бар. Оларға енді Карапас қосылды. Демек Фрумға баяғыдай үміт жоқ. Геоган Харт соншалық мықты емес. Герейнт Томас та былтыр бір жанды. Биыл тыныш. Соған қарағанда енді негізінен Карапас пен Бернальға үміт артылатын сияқты.
To‘liq o‘qish
GO Cycling 2 Sep, 20:55
GO Cycling 24 Aug, 22:08
Әлемнің ең үздік спринтерлерінің бірі Марсель Киттель велоспорттан кетті. Биыл майда командасымен уақытынан бұрын контракт бұзып, кейін қайта оралармын деп кеткен. Спортта мотивация жоғалтып алдым деп түсіндірген. Сол мотивациясын таппаған сияқты. Оралмайтын боп шешіпті. Велоспорт мықты бір спринтерін шығарып салды.
GO Cycling 24 Aug, 21:44
Вуэльтаның алғашқы күнінде Астана сенсация жасады. Бүгін командалық жеке сында мықты дегендердің бәрінен озып, жеңіп кетті. Лопес бүгін жалпы есептің лидері боп бастады Вуэльтаны. Командалық жеке сынның талассыз лидерлері Jumbo Visma бүкіл командасымен құлап қалды. Олардың лидері Примош Роглич Лопестің қарсыластарының бірі. Ол енді Лопестен 40 секундқа қалып тұр. Ол жеке сында Лопестен әлдеқайда мықты. Ал тауда әлсіздеу. Сондықтан қазіргі 40 секунд запас алда көп нәрсе шешіп кетуі мүмкін.
To‘liq o‘qish
GO Cycling 21 Aug, 15:38
Фульсанг қалатын болды, тағы екі жылға. Өткенде кетеді деген ақпарат болған. Контракт созыпты. Командадағы психологиялық жағдай, сенім үшін өте жақсы шешім. http://www.astanaproteam.kz/modules.php?name=astana&page=news&id=3123
GO Cycling 19 Aug, 12:35
Team Sunweb лидері Том Дюмулен келесі маусымды Team Jumbo Visma-мен бастайды. Биыл Джиродан кейін кетеді деген әңгіме шыққан. Команда басшылығы терістеп шықты. Ақыры келісе алмаған сияқты. Әлем чемпионы, Джиро Д'Италияның жеңімпазы. Жамбо Висма мықты күшейіпті.
GO Cycling 19 Aug, 12:08
Astana Pro Team биылғы Вуэльтаға қатысатын құрамын жариялады. Мынау құраммен алмаса ұят болады. Команда емес - әскер. Таптап өтіп кетуі керек. Басқа вариант жоқ.
https://www.facebook.com/AstanaTeam/videos/660010261179733/
GO Cycling 18 Aug, 19:10
Қазір ғана Алексей Луценко Норвегия Арктика турының жеңімпазы болды. Қорытынды есепте. Құттықтаймыз! Қуанамыз!
GO Cycling 17 Aug, 12:20
76 жасында Феличе Джимонди қайтыс бопты. Велоспорт тарихында барлық гранд турды (Джиро(3), Тур де Франс (1), Вуэльта(1) ұтқан жеті спортшының бірі еді, жарықтық. Теңізде шомылып жүргенде жүрегі тоқтапты. Бақұл бол, Аңыз!
GO Cycling 15 Aug, 21:10
Астанамен бірге жасап келе жатқан Андрей Зейц кетті. Келесі маусымда Митчелтон Скоттпен шабады. Басқа-басқа, осы ардагер Астанадан пенсияға шығады ғой деп ойлайтынмын. Өмірдің жаңа парағы ашылды. Бала-шаға бар, отбасы бар. Табыс табу керек депті. Астана үшінші жыл ең мықты дегендерді дәл осы ақшасы аздығынан ұстап қала алмай жүр. Енді Зейц. Астанамен чемпион болған бар генеральщиктің ең мықты көмекшісі. Чемпион қылудың шебері. Қош бол! Бар еңбегің үшін рахмет!
To‘liq o‘qish
GO Cycling 11 Aug, 17:51
Энрик Мас Movistar командасына ауысыпты. Мувистар бас ауруды ұнататын сияқты. Онсыз да Вальверде, Кинтана, Ланда, Карапастардың қайсысын қай кезде капитан қыларын білмей жүргенде, бесінші генеральщик алыпты. Энрик те біреуге грегари болуға көне салатын адам емес. Өткен жылғы Вуэльтада екінші орын алған. Енді бес генеральщикпен қайтер екен.
GO Cycling 7 Aug, 07:13
Польша турының үшінші кезеңінде жас, жақсы шығып келе жатқан талант Бьорг Ламбрехт қайтыс болды. Кеше, төртінші турда барлық спортшы жарыспайтын боп шешті. Бүкіл этапты бір қарқында жүріп өтті. Пелотонның алдында Ламбрехттің командасы Lotto Soudal спортшылары жүрді.
https://velolive.com/velo_race/18178-4-y-etap-tura-polshi-2019-neytralizovan-v-pamyat-o-borge-lambrehte.html
GO Cycling 5 Aug, 21:31
Элиа Вивиани француздардың Cofidis командасына ауысыпты. Әлемдегі ең мықты спринтерлердің бірі. Әлемдік тур командасынан проконтинентал командаға ауысуын түсіне алмай отырмын. Әлі біраз жыл жарқырайтын мүмкіндігі бар еді. Қазіргі командасында конкуренция өте үлкен. Таңдау Фернандо Гавирияға түсті дегеннің өзінде басқа протур командасына кете алатын еді. А тут проконтинентал команда. Обал.
GO Cycling 27 Jul, 21:51
Ертең Тур де Франс 2019 аяқталады. Парижге кіретін соңғы тур болғандықтан, ертең жарыс болмайды. Оны "Достық маршы" деп атайды. Парижде жеңу кез келген спринтердің арманы. Сондықтан бұл таза спринтерлердің туры. Ал Astana биыл ең масқара Турын өткізді. Лидер соңына жете алмады. Жетсе де ештеңе бұйырмас еді. Біздікілер ең болмаса бір этап алмады. Бұрын жалпы есепте үміт аздау боп жатса, кемі 1-2 этап алуға күш салатын. Биыл оған да қауқары қалмапты. Не этап, не тұғыр жоқ, не бір номинация жоқ. Онсыз да өліп бара жатқан жобаның аянышты халі. Ал Турдың биылғы жеңімпазы колумбиялық Эган Берналь. ИНЕОС командасынан. Колумбиялықтардың Турдағы алғашқы жеңісі және ең жас велопсортшы. Небары 22 жасында Тур алып жатыр. Бұл велоспорттың қатты жасарып кеткені ме, әлде лидерлер кризисі ме, білмедім. Сондай біртүрлі Тур болды.
To‘liq o‘qish
GO Cycling 15 Jul, 15:16
Қазақстан өзі өз болғалы жасай алған мықты жобаларының бірі Astana Pro Team-нің соңғы күндерін көріп жатқан сияқтымыз. Фульсангты ұстап қалуға ақша жоқ. Корт,Бильбао, Катальдо, Хирт кетіп жатыр. Команданы команда қып тұрған тентектер. Өйтіп бейшара халмен ұзақ "өмір сүргенше", жобаны қазір жауып тастай салу керек. Есікті қатты жабуға ең жақсы жыл. Жеңіс көп. Команда жақсы деңгейде. Жобаны достойно жабуға таптырмас маусым.
https://vesti.kz/astana/267476/
To‘liq o‘qish
GO Cycling 11 Jul, 10:26
Team Katusha-Alpecin жабылады деген хабар жетті. Кезінде, Катюша құрылғанда орыстар қатты қуанып еді. Енді әлем велоспортында өзіміздің Про тур командамыз бар деп, "қоярға жер таппай" мәз болған. Былай, бюджеті аз болған жоқ. Бірақ қанша тырысса да, гранд турларда бағы жанбады. Жүлделі орындардан жоғары шыға алмай кетті. Менеджмент дұрыс болмады-ау. Кейін швейцариялық Alpecin командасымен қосылып көрді. Бұл кезде мықты спринтерлерімен біраз жарқырады. Бірақ сол күйі гранд тур жаратын генеральщик шықпады. Ильнур Закарин болды, әрине. Бірақ ол мықтылардың бірі деңгейінен аса алмады, гранд тур оған да бұйырмай кетті. Енді дәл Тур де Франс боп жатқанда спортшыларға еш міндетің жоқ. Қалаған командаңды жағала депті. Дәл қазір керек емес еді ғой, командадағы көңіл-күйді бұзады ғой деп ренжіп жатыр біраз фанат. Өмірі біткен командаға не нәтиже, не амбиция керек. Қайта дұрыс болды. Спортшыларға жарнама керек. Оны осындай үлкен жарыс кезінде жасамасаң, қашан жасайсың. Спортшы мықты спринтер, спринтер көмекшісі, грегари, "таушы", генеральщик, "раздельщик" (жеке сын шебері) ретінде өзін көрсеткісі келсе, бар мүмкіндік осында. Команданың емес, спортшының жағдайын ойлау керек енді.
To‘liq o‘qish
GO Cycling 6 Jul, 22:45
Бүгін Тур де Франс басталды. Якоб Фульсанг бірінші турда құлап қалды. Команда таратқан ресми ақпарат мынадай:

Информация о состоянии здоровья Якоба Фульсанга

Сегодня, примерно за 18 км до финиша первого этапа «Тур де Франс» в завал попал капитан команды «Астана» Якоб Фульсанг. Ему удалось вернуться в гонку и завершить дистанцию этапа, после чего он незамедлительно был направлен на медицинский контроль. В результате осмотра, был выявлен глубокий порез над глазом, который потребовал наложения четырёх швов. Также, были диагностированы ссадины и ушибы колена, плеча и локтя. К счастью, радиография не выявила никаких переломов, однако, эхография обнаружила сильные ушибы мягких тканей вокруг колена.
⁃ Кто-то из гонщиков упал прямо передо мной в момент, когда мы поднимались по пелотону вперёд для того, чтобы найти безопасную позицию. Невозможно было избежать падения. Конечно, это совсем не то начало «Тура», на которое я рассчитывал. Я рад, что ничего не сломал, и что могу продолжать гонку. Посмотрим, как пойдут дела завтра, - прокомментировал ситуацию Якоб Фульсанг.
To‘liq o‘qish
GO Cycling 4 Jul, 07:17
Фульсанг биыл Турда Астананың капитаны болады. Даниялық. Данияда оған қолдау ретінде автобусты түгел сарыға бояп, осылай жасапты. Неге сары? Өйткені Тур де Франстың жеңімпазы сары жейдені иеленеді.